14:38, 27 Қараша 2015 | GMT +5
«Қазғарыш» агенттігі жер сілкінісін болжауға болатын ғарыш жүйесін жасауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазғарыш» агенттігі британдық SSTL компаниясымен бірлесіп, жер сілкінісін болжауға болатын ғарыш жүйесін жасауда.

Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлім етті.
«Қазіргі уақытта «Қазғарыш» британдық SSTL компаниясымен бірлесіп, құрамына екі ғарыш аппараты кіретін ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін жасақтауда. Технологиялық аппаратта қазақстандық жасақтаулар, ноу-хаулар енгізіледі. Осылайша біз өзіміздің ғарыш аппараттарымызды құрастыру платформасына ие боламыз. Ғылыми аппарат болса, жер сілкінісін болжауға арналған», - деп атап өтті ол «Қазақстанның ғарыш күндері-2015» халықаралық семинарында.