21:46, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазғарыш басшысы Қазақстанның Франциядағы Елшісімен кездесті
ПАРИЖ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ – Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев бастаған ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің делегациясы жұмыс сапарымен Францияда жүр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кеше Париждегі Қазақстанның Елшілігінде ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың және Қазақстанның Франциядағы дипоматиялық миссиясының басшысы Мұрат Тәшібаевтың кездесуі болды.Жұмыс сапарының міндеттерін айта келіп, Талғат Мұсабаев Қазақстан мен Францияның ғарыш саласындағы ынтымақтастығы қарқын ала түскенін атады. 2008 жылғы маусымда екі ел президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Николя Саркози мемлекеттер ынтымақтастығындағы басым бағыттардың бірі ретінде ғарыштық қызметті дамыту екенін атап көрсеткен болатын. Қазақстанның Франциядағы Елшісі Мұрат Тәшібаев қазақстандық ғарышты құру мен дамыту ісінде Талғат Мұсабаевтың айрықша рөл атқарып отырғанын атап көрсетті.