20:10, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазғарыш делегациясы Парижде келіссөздер жүргізеді
АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ – ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев бастаған делегация Францияға жұмыс сапарымен барады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазғарыш өкілдері Француз ғарыш агенттігіндегі әріптестерімен кездеседі және ғарыш қызметі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.Талғат Мұсабаев бастаған, құрамында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков, халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Ләйла Тілепбергенова, «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Ғабдоллатиф Мырзақұлов, «Бәйтерек» БК» АҚ бас директоры Иван Ахматов бар қазақстандық делегация мүшелері KNES басшысы Яник Дескат мырзамен, «EADS Astrium» француздық компанияның президенті Франсуа Окамен және Франция ғарыш саласының басқа да өкілдерімен кездеседі.Қазғарыш баспасөз қызметінің хабарлағанындай, осы сапар кезінде қазақстандық және француздық мамандар ғарыш қызметі саласындағы үкіметаралық келісім даярлығына кіріседі. Үкіметаралық келісімге алдағы көктемде Франция президенті Николя Саркозидің Қазақстанға жасайтын ресми сапары кезінде қол қойылады деп күтілуде.