Қазғарыш ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік жерүсті кешенін іске қосуды жоспарлауда

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Қазғарыш ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік жерүсті кешенін іске қосуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
None
None

«Қазіргі уақытта пайдалануға қабылданған «Қазсат - 2» ғарыш аппараты штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Спутниктік ресурстарды жалға беру қызметтері Қазақстанда 9 ұялы байланыс операторына көрсетіледі», - деді ол.

Сонымен қатар агенттік басшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта «Қазсат - 3» ғарыш аппаратын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысының Іле ауданындағы ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік жерүсті кешені мен байланыс мониторингі жүйесін іске қосуды жоспарлауда

Соңғы жаңалықтар