Қазғарыш Қазақстан Президентінің Жолдауын қолдайды
«Елбасының дана саясатының арқасында бейбітшілік орнаған, тұрақты әрі дамып келе жатқан елде тұрып жатқанымызды бағалауымыз қажет. Президенттің туындап жатқан мәселелерді ашық айтқанына разымыз», - деді жиында сөз сөйлегендер.
«Бұрынғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстанда толыққанды ғарыш саласын құрудың маңызын атап өтті. Биыл еліміз ғарыш аппарттарына ие мемлекеттердің қатарына енді. Бұл - «Қазсат» ғарыш байланысы мен хабар тарату жүйесі, «ҚазЕОСат» Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі. Қазғарыш жобалары енгізілген ҮИИД бағдарламасының екінші бес жылдық кезеңін жүзеге асыруға қатысамыз. Сондықтан біз Президент Жолдауын іс жүзінде қолдаймыз», - деп атап өтті ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ерғазы Нұрғалиев.
Жиыннан кейін Қазғарыш кәсіпорнының қызметкерлері Қазақстан ғарыш инфрақұрылымының жаңа нысанының - «Көктерек» жердегі резервті басқару кешенінің жұмысымен танысты.