«Қазғарыш» пен CNES Парижде келіссөз өткізді

ПАРИЖ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Францияның Ғарыштық зерттеулер ұлттық орталығында (CNES) «Қазғарыш» басшысы Талғат Мұсабаев орталықтың президенті Янек Дэскаттың келіссөзі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан мен Францияның ғарыштық ведомстволарының басшылары ғарыш саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірқатар мәселелерді, ғарышты бейбіт мақсатта игеру жөніндегі үкіметаралық келісімнің әзірлену барысын талқылады. Аталмыш келісімге Франция Президенті Николя Саркозидің Қазақстанға жоспарланып отырған сапары барысында қол қойылады деп күтілуде. «Бұл құжат ғарыш саласындағы стратегиялық серіктестік туралы біздің президенттеріміздің шешімінің нақты нәтижесі болады және бізге іс жүзінде ынтымақтастыққа кірісуге мүмкіндік береді. Біз, Қазақстанның, генерал Шарль де Гольдің дәуірінен бері ғарышты игеруге үлкен назар аударып келе жатқан елді осы мәселедегі өз серіктесі етіп таңдағанын мақтан етеміз», - деді Я.Деската мырза өз сөзінде. Қазақстан мен Францияның ғарыш ведомстволарының басшылары, «Қазғарыш», CNES компанияларының және мүдделі басқа да мемлекеттік органдардың мамандары ғарыш саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығын анықтайтын және Франция Президентінің Қазақстанға жасағалы отырған алғашқы сапары барысында қол қойылатын екіжақты құжатты жақын арада дайындайтындықтарына сенім білдірді. Келіссөзге қатысқан Қазақстанның Франциядағы Елшісі Мұрат Тәшібаев, өзі басқаратын ведомствоның «Қазғарыш» пен CNES компаниясына, әсіресе, ғарыш саласындағы екі елдің ынтымақтастығының бастапқы кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар