Қазгидромет 5 облыста ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» ауа райының қолайсыздығына және көктемгі күн жылыну кезіндегі ауа райындағы құбылыстарға қатысты 5 облыста ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

1 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді деп болжанады. Көкшетау қаласында 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

1 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда қаласында 1 сәуірде кей уақытта тұман күтіледі.

1 сәуірде Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді деп болжанады. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

1-2 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысында жауын-шашын түседі деп болжанып отыр, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 2 cәуірге дейін қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу қауіпті.


Соңғы жаңалықтар