Қазгидромет ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК синоптиктері 6 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Абай облысының оңтүстігінде күндіз аптап ыстық 36 градус болады. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Батыс, оңтүстік және орталық өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз найзағай болады. Күндіз 35, солтүстігінде 38 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша жоғары, ал солтүстік пен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігі, батысы және оңтүстік-шығысында күндіз найзағай күтіледі. Облыс бойынша жоғары, ал оңтүстік, батыс және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел түнде батысы мен солтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік-батыс пен шығысында жоғары, ал оңтүстік, батыс және солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз аптап ыстық – 42 градус. Облыс бойынша жоғары, ал батысы, шығысы және таулы аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және күндіз найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, батысы, солтүстігі және шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғып, таңертең және күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз оңтүстігінде 35-36 градус аптап ыстық күтіледі. Батыс, шығыс және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі және орталығында найзағай мен бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күндіз батысы, солтүстігі және орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батысында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, батыс, оңтүстік және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша жоғары, батысы, оңтүстігі және солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде, ал батысы мен солтүстігінде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғып, батыс, солтүстік және шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай, ал батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батыс, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Орталығында жоғары, ал солтүстік, батыс, оңтүстік және тау етектерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғып, күндіз батысы, оңтүстігі және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35-38 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.