Қазгидромет биылғы су тасқынын дұрыс болжай алмады - вице-министр Ильин

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Қазгирометтің құрылымдары нақты болжам бере алмады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазгидромет биылғы су тасқынын дұрыс болжай алмады - вице-министр Ильин

"Бәлкім, гидрометео бекеттердің аздығына байланысты олар нақты болжам бере алмады. Осы жаңа ғана бір жиналыс болды. Сол жерде Қазгидромет бірқатар аймақтар бойынша түскен қар мен ауа температурасына байланысты қате болжамдардың жасалғанын мойындады. Осыған байланысты су тасқынына қатысты болжамдар да дұрыс жасалмаған шығар", - деді Ильин бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік , бүгінгі брифингте вице-министр бір аптаның ішінде Жабай өзеніндегі судың деңгейі төмендейтінін жеткізді. Сондай-ақ ол министр Қалмұxамбет Қасымовтың Атбасар кентіндегі су тоғанының бұзылуына байланысты қылмыстық істі қозғауды тапсырғанын мәлімдеді. Ал Қарағанды облысында алдағы он күнде су тасқынының беті қайтады деген болжам бар .