Қазгидромет бүгінгі ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы ақпаннның 12-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Фото: Александр Павский/Kazinform

Солтүстік-батыс, солтүстік пен елдің орталығындағы күн райына антицклон ықпал етеді. Соның салдарынан күн ашық болады және ауа температурасы төмендейді.

Қазақстанның өзге аймақтары атмосфералық ағындардың ықпалында болады да, жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қалың қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ, тұман болып, боран соғады. Солтүстік пен оңтүстікте жел соғады.

Соңғы жаңалықтар