«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Аталмыш мекеменің болжамына қарағанда, 12 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Талдықорғанда 12 сәуірде түнде және таңертең найзағай ойнайды.
12 сәуірде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 17-22 м/с.
Атырауда 12 сәуірде күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 18-23 м/с болады.
Ақтауда 12 сәуірде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.
12 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Оралда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
12 сәуірде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
12 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.
12 сәуірде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Түркістан облысының тауында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
12 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.