12:42, 05 Наурыз 2013 | GMT +5
«Қазгидромет» ескертеді: Елдің шығысында нөсерлі жаңбыр жауады, күшті жел тұрып, күн 13 градусқа дейін жылынады
ӨСКЕМЕН. 5 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның ақпаратынша, 6 наурыз күні Шығыс Қазақстанда жауын-шашындар,

көбіне жаңбыр түрінде, кей жерлерде нөсерлі жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ көктайғақ болып, секундына 18-23 метр жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні кей уақыттары 26 м/с-қа жетуі мүмкін.
Ауаның температурасы түнде 0+5 градус аралығында жылы, кейбір жерлерде 13 градус нөлден жоғары болады. Қардың жылдам еруі күтілуде.