Қазгидромет: Қаңтардың 7-сі күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 7-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 7-ші қаңтар күні Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де Солтүстік антициклон жотасының ықпалында болады және күн аязды, жауын-шашынсыз болады.

Тек республиканың солтүстік-батысында, күндіз батысында, түнде оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, күндіз көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел секундына 17-12 метр жылдамдықпен соғады, түнде екпіні 25 м/с болады.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Түнде Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты аяз, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз болады.


Соңғы жаңалықтар