Қазгидромет: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Жара, лето
Фото: freepik.com

— Белсенді циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне жаңбыр, солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерге қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі мен ауа температурасының төмендеуін әкеледі. Тек батыс өңірде антициклонның әсерінен құрғақ және ашық ауа райы сақталады, — делінген хабарламада.

«Қазгидромет» өрт қаупі жоғары өңірлерді атады.

— Оларға Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының батысы; Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігі; Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысы; Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтары; Атырау облысының оңтүстігі, батысы, солтүстік-шығысы; Алматы облысының орталығы; Жетісу облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігі жатады, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Төтенше өрт қаупі күтілетін өңірлер төмендегідей:

  • Қызылорда, Түркістан облыстары;

  • Жамбыл облысының батысы, шығысы мен орталығы;

  • Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы;

  • ШҚО мен Алматы облысының батысы, солтүстігі;

  • Ақмола облысының батысы;

  • Жетісу облысының солтүстігі мен шығысы;

  • Абай облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығы;

Сонымен қоса кейбір аймақта аптап ыстық сақталады. Мәселен Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында күндізгі уақытта ауа температурасы 35–37°С-қа дейін ысиды. Осы өңірлердің оңтүстігінде күн 40°С-қа дейін барады.

Бұған дейін биылғы жазда ауа райы қалай болатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар