«Қазгидромет»: Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
«Қазгидромет» болжамы бойынша 19 қыркүйекте Ақтөбе облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
19-20 қыркүйекте Алматы облысының кей жерлерінде түнде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
19 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метр болады. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ, күндіз нөсер жаңбыр жауады.
Қызылорда облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылап, ауа райына байланысты ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады.