Қазгидромет: Республиканың басым бөлігінде қар жауады
Кәсіпорын тартқан мәліметтерге қарағанда, қаңтардың 1-і күні ауа райы тұрақсыз болады. Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.
Ақмола облысында жел секундына 15-20 метр жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 15-20 болады, екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23 м/с-қа күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. жел секундына15-20 метр жыдамдықпен ұйқиды.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түсіп көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Түнде кей жерлерде бұрқасын болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде жел 18 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.