Қазгидромет: Республиканың солтүстік және шығыс аймақтары қар, бұрқасын, желдің күшеюі бірге жүретін атмосфералық ағындардың ықпалына түседі

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының көптеген бөлігіне антициклон ықпал етіп, онымен бірге жауын шашынсыз күн райы күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-дан.
None
None

Тек солтүстік және шығыс аймақтарға атмосфералық ағындар әсер етіп, қар жауып, бұрқасын, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с дейін соғуы ықтимал. Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде жаяу бұрқасын, күндіз кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Жамбыл облысында, түнде Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады, түнде Атырау облысында жел екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Таяу тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығысындағы өзендерде мұз қата бастайды, жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмеуде.

Соңғы жаңалықтар