18:03, 02 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Қазгидромет» РМК-ның Қарағанды орталығы облыс аумағында күннің суытатындығы туралы ескерту жасады
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның Қарағанды орталығы қыркүйектің алдағы 3-4-і күндері облыс аумағына күн суытатыны (0-2 градус) туралы ескерту жасады.

Осыған орай, синоптиктер ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты қадағалап отыруға, балаларды қараусыз қалдырмауға сондай-ақ, алыс жолдар мен саяхаттарға шығудан бас тартуға кеңес берді.