Қазгидромет сәуір айындағы ауа райы болжамын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан аумағы бойынша сәуір айына арналған ұзақмерзімді синоптикалық болжамды жариялады.
Болжамға сәйкес, сәуір айы жылы және жауын-шашынды болады деп күтіліп отыр.
Ауа температурасы республика бойынша көбінесе нормадан жоғары болады. Оңтүстік-шығыс өңірлерде, атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарда температура нормадан шамамен тең деңгейде сақталады.
Жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан аспайды. Ал батыс өңірлерде – Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен Ақтөбе облысының батыс бөлігінде, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыс таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда (Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысы, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан және Жамбыл облыстарының оңтүстігі, сондай-ақ Абай облысының оңтүстік-шығысы) жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады.
Толығырақ және егжей-тегжейлі синоптикалық болжам 2026 жылғы 15 наурызда жарияланады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын көктемнің алғашқы күндері ауа райы қалай құбылатынын жазған едік.