«Қазгидромет» тағы екі өңірде ескерту жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның тағы екі өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
None
None

7 маусым күні Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейіп, ауа температурасы 41 градусқа дейін жетеді.

7 маусым күні таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Еске салайық, бұған дейін ескерту Батыс Қазақстан облысында жарияланған болатын.

«Қазгидромет» сондай-ақ еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендейтіні туралы хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар