Қажылыққа барушылар Zam Zam Qazaqstan туроператорына алданып қалды - полиция

қажылық
Фото: 2gis картасы

Қажылыққа барушыларды визамен алдаған турфирма басшысы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Тергеу нәтижесінде «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкере болды. 

Ол Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайт жасаған. 

22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды. 

Соңғы жаңалықтар