Қажымұқанның ауылында тағы бір алып бала дүниеге келді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында салмағы 6015 грамм, ал бойы 63 см болатын алып сәби өмірге келді.

Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық аурухана
Фото: pixabay

Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша ана кесар тілігі арқылы босанған.

– Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада 4 ақпан күні алып сәби дүниеге келді. Анасы 4-жүктілігі кезінде прекламсия диагнозымен біздің бақылауымызда болды. Жоспарлы ота сәтті өтті. Бүгінде ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде және дәрігерлердің тұрақты бақылауында, – деді перзентхананың бөлім меңгерушісі Балжан Сұлтанова.

Еске сала кетсек, 2023 жылы да аталған ауданда алып бала дүниеге келген. Көкарал елдімекенінде бес баласы бар тұрғын салмағы 5120 гр, ал бойы 58 см сәбиді өмірге әкелген.

Бұдан бұрын Шымкентте салмағы 7 келі тартатын алып сәби дүниеге келгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар