ҚАЖК Бас прокурордың сынына жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Бас прокурордың сынына қатысты жауап берді.
None
None

Бұған дейін бірқатар БАҚ 23 ақпан күні Астанадағы түрме форумы барысында сын айтылды деп ақпарат таратқан еді. Атап айтқанда, жиналыс қатысушыларының назары ҚАЖ Комитеті төрағасының залда болмауына аударылды .

«Отырысқа қатысқан тұлғалардың ешқайсысының ҚАЖК төрағасының болмау себебін Бас прокурорға түсіндіруге батылы жетпеуі таң қаларлық жайт. ҚАЖК төрағасы аталған форумға қатысқан және ол басталғалы залда отырған. Мұнда форум бағдарламасында А.Базылбековтың сөз сөйлеуі қарастырылмағанына назар аударған жөн», - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметі.

ҚАЖК баспасөз қызметінің түсіндіруінше, «Түске қарай, А.Базылбеков Ішкі істер министріне алдын ала ескертіп, шұғыл Қоғамдық кеңес отырысына кеткен. Онда «Пенитенциарлы жүйедегі нашақорлықтың алдын алу: тәжірибе, мәселелер, шешімдер. Нашақорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру» атты өте өзекті тақырып бойынша тыңдаулар өтті. Сонымен қатар, ҚАЖК төрағасы көптеген БАҚ-қа сұхбат берген».

Түрме тақырыбы саласындағы алдыңғы қатарлы сарапшылар, түрлі ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңес жұмысы барысында  республикалық ҚАЖ басшысы бірнеше айдан бері дайындалған Қазақстан адвокаттары одағы мен ҚАЖК арасындағы меморандумге қол қойған.

«Айтпақшы, Қоғамдық кеңес отырысын кейінге ауыстыру еш мүмкін болмаған, себебі оның қатысушылары Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген еді», - деп баса айтты ҚАЖК баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар