«Қажымұқан жолы 2023»: Петропавлда алып күш иелері сайысты

None
Видеодан алынған кадр: t.me/sportodagy
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Қажымұқан жолы 2023» турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Спортшылар одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирді өткізуге Қазақстан Спортшылар одағы бастамашылық еткен. Жоба авторы – Гиннес рекордтар кітабының рекордшысы, қазақстандық палуан Сергей Цырульников.

Бұған дейін осындай іс-шара Ақтөбе, Түркістан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында өткізілген болатын.

Жобаның мақсаты – ұлы батыр Қажымұқан Мұңайтпасовты насихаттау және спортшылар арасында ұлттық күш мәдениетін ілгерілету.

Петропал қаласында өткен жарысқа 8 алып күш иесі қатысып, нәтижесінде Әділ Қайыров жеңімпаз атанды. Ә.Қайыров қазақ күресінен спорт шебері атағына кандидат.

2-орын дзюдодан спорт шебері атағына кандидат Мырзаш Әділетке бұйырды.

3-орынды Мусин Бауыржан алды, ол грек рим күресінен спорт шебері.



Соңғы жаңалықтар