Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионатында топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан күрес түрлерінен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді.

а
Фото: ҚР ҰОК

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Отандасымыз финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскийді 13-7 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Осылайша ұлттық құраманың қоржынында бір жүлде бар.

Бұған дейін Балуан Қазыбек Қалмағамбетов Словакиядағы әлем чемпионатының финалына шыққанын жазған едік.

Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты қарсаңында Астанада 350-ден астам балуан қатысатын халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтеді.