Kazinform жаңа мобильді қосымшасын іске қосты

Kazinform жаңа мобильді қосымшасын іске қосты
Коллаж Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform өзінің мобильді қосымшасын іске қосты, ол қазірдің өзінде App Store және Google Play арқылы қолжетімді.

Цифрлық технологиялар ғасырында Kazinform оқырман мен халықаралық агенттік редакциясын жақындастыратын қосымшаны ұсынып отыр.

Оқырмандардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген қосымша Kazinform авторлары жазатын барлық алты тілдік нұсқаны қамтып отыр: қазақ, ағылшын, орыс, қытай, өзбек және төте жазу. Жаңартылған дизайн және сайт айдарлары бойынша жақсартылған навигация бір рет басу арқылы қажетті мазмұнды табуға мүмкіндік береді.

Бұл қай жерде болсаңыз да, соңғы жаңалықтардан хабардар болудың заманауи тәсілі. Kazinform-мен бірге оқырмандар әлеммен үнемі байланыста және әлемдік маңызды оқиғалардан үнемі хабардар. Бізге қосылыңыздар!

Kazinform Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені құрамына кіреді. ХАА-дан басқа оның құрамына «Jibek Joly» телеарнасы мен деректі фильмдер орталығы да кіреді.

ҚР Президентінің телерадиокешені Қазақстан Республикасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет қызметі, сондай-ақ олар жүзеге асырып отырған реформалар және әлеуметтік бадарламалар барысы туралы ақпарат жасап, таратады.

Соңғы жаңалықтар