Қазір Еуразиялық кеңістікте жаңа күштердің орталығы құрылуда - Ресей ғылым академиясының кеңесшісі

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан-Ресей: стратегиялық серіктестіктің экономикалық және саяси ықпалы» атты VI ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
«1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық негізін құрайтын 17 келісім өз күшіне енді. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Жоғары ұлттық орган құрылып, оған 175 ұлттық өкілеттік берілді. Бұл үлкен жұмыс. Оны ерекше атап өту керек», - дейді Ресей ғылым академиясының кеңесшісі, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институт дирекциясының мүшесі Геннадий Чуфрин.
Оның айтуынша, 5 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің жетекші мамандары Кеден одағының Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіруінің салдарын мұқият зерттеп шыққан. Келісімдерді жүзеге асыруда әлі қыруар жұмыс бар. Ол Президенттер белгілегендей 2015 жылы Еуразиялық одақ құрылғанға дейін жалғасады. Одақтық қатынастар тек экономикалық қана емес, қоғамның барлық салаларын қамтиды.
«Қазіргі халықаралық ахуал Президенттердің стратегиялық бағыттарының дұрыстығын дәлелдеп отыр. Енді ғалымдардан, сарапшылардан тың ұсыныстар мен болжамдар күтеміз. Ол біздің қызметімізге көмектеседі», - деді ол.