Қазір көп адам бизнес бастаудан қорқып жүр - «Нұр Отан» ХДП Мониторинг бөлімінің меңгерушісі
«1990 жылдары шағын бизнес бір жерден алып, бір жерге сату арқылы пайда табуға негізделді. Қазіргі жағдайда ол мүмкін емес. Қазақстан экономикасы орнықты дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы тұрақталу үшін шағын және орта бизнесті даму керек. «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филалы, Жоғары партия мектебінің Алматы өңірлік партиялық оқыту орталығы және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының аймақтық филиалы бірлесіп өткізіп отырған бұл шара өз өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындардың іс-тәжірибесімен бөлісу үшін ұйымдастырылып отыр», - дейді «Нұр Отан» ХДП-ның Мониторинг бөлімінің меңгерушісі Қадыр Бергенов. Оның айтуынша, қазір көп адам бизнес бастауға қорқады. Өйткені өз ісін ашу үшін 30 шақты құжат жинап, түрлі тексеруден өтуі керек. Бұған әкімшілікте және рұқсат беретін орындарда отырған кеңестік ескі түсініктен әлі арылмаған кейбір азаматтар да өз ықпалын тигізуде. Сондықтан биліктегі саяси партия бұл кедергіні жою бағытында түрлі әрекеттер жасауда. Бүгінгі шара соның нақты айғағы бола алады.