Қазірде сатира театрларында актерлердің ойыны азайып бара жатыр - Асқар Наймантай

Күлкі компаниясы екі жыл бұрын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақтық мемлекеттік академиялық драма театрында тұсауын кескен болатын.
«Сатиралық-эстрадалық бағытты ұстанып отырған жаңа театрдың әзірге нақты атауы жоқ. 24 сәуірде Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Мәз мейрам» деп аталатын алғашқы кешімізді өткіздік. Біздің театр өнер ордасынан кәсіби білім алған актерлерден құралып отыр. Онда өзге ұжымдардағыдай Көңілді тапқырлар клубынан не түрлі той-томалақтан танымал болған артистер жоқ», - дейді театрдың режиссері және көркемдік жетекшісі Асқар Наймантай. Оның айтуынша, «Беймарал» күлкі компаниясы енді концерттермен шектеліп қалмай, музыкалық-комедияларды сахналап, қысқа метражды кинокомедиялар түсіруді қолға алмақ. Оған қазіргі таңда адам күші де техникалық мүмкіндіктер де қалыптасқан.
«Біздің басты мақсатымыз - жастар теартрын құру. Қазір сатиралық театрлардың көпшілігі жеңіл әзіл-қалжыңға қарай ойысып бара жатыр. Онда актерлік ойын азайып кетті. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін өз тарапымыздан сатираға көбірек мән бермекпіз», - деді А.Наймантай.