Қазіргі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік жүйесі тиімсіздігін көрсетіп отыр - Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 20 жылда қол жеткізген жетістігімізді іргетасымыз ретінде пайдалануға болады.
None
None

Алдағы уақытта ғаламдық үдерістерге сәйкес қажет жағдайында озық тәжірибелерімізді ұсынып, сол арқылы мемлекеттің болашағын ойластыратын кезең келді деп есептейміз. Бүгін Алматыда өтіп жатқан "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл: жетістіктері мен келешегі" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында осындай пікір білдірілді.

"Қауіпсіздік жүйесі климаттың өзгеруімен бірге күрделеніп келе жатыр. Мәселен 1 қазанда планетаның 7 миллиардыншы тұрғыны өмірге келді. Ал 1 миллиард адам аштықтан зардап шегуде. 1,7 миилиард адам ауыз су тапшылығын сезінуде. Алдағы уақытта Азия мен Африкадағы кедей елдердің есебінен халық саны одан ары ұлғаяды деп болжануда. Тамақ, ауыз су және жұмыстың болмауы жүздеген миллион адамдардың әл-ауқаты жақсы елдерге қарай жылжуына түрткі болмақ», - дейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры, тарих ғылымының докторы Болат Сұлтанов. Ғалымның айтуынша, Қазақстан әл-ауқаты тәуір елдердің қатарында.

Соңғы жаңалықтар