Қазіргі таңда Қазақстанда 60 млрд. АҚШ доллары көлемінде қор бар - Мемлекет басшысы

АНДЫ ОБЛЫСЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Қазіргі таңда Қазақстанда 60 млрд. АҚШ доллары көлемінде қор бар.
None
None

Бұл туралы бүгін Теміртауда өткен Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Біз ресурстарымызды сақтай білдік. Мұнай мен газдан, металдар мен кендерді және концентраттарды сатудан түскен табыстардың бәрін біз ұлттық қорда шоғырландырдық. Соның арқасында біз дағдарыс кезінде ешкімнен ақша сұраған жоқпыз. Осы қордың арқасында біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыратын боламыз. Бүгінде біздің еліміздің 60 млрд. доллар резерв бар», деді жиында Мемлекет басшысы.

Елбасы Қазақстан қаржылық экономикалық дағдарысқа кірген кезде ұлттық қордан дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд. доллар бөлінгенін айта келе: «Ол кезде ұлттық қорда 43 млрд. доллар болған еді. Қазір 60 млрд. долларға жетіп отыр», деді.

Соңғы жаңалықтар