Қазіргі уақытта қылмыстың интернационалды болуына орай, онда ұлттық сипат болмайды - генерал-майор Е.Тұрғұмбаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференция барысында ТМД мемлекеттерінің қылмыстық- құқықтық саясатын жетілдіру мен қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бір жүйеге түсіру мен үйлестіру, терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздерін жетілдіру мен оларды қаржыландыру көздерін жою және тағы басқа мәселелер талқыланып, баяндамалар оқылды.
Сондай-ақ салық салу саласындағы қылмысқа қарсы күресте қолданылатын заңдардың үйлесімділігі мен өзектілігі, банк қызметіндегі қылмыстар мен қылмыстық жолмен табылған табыстарды заңдастыру әрекетіне тосқауыл қоюдың маңызды сұрақтары да қаралды.
Алматы қаласы ІІБ-ның бастығы, генерал-майор Ерлан Тұрғұмбаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмысы мен жұртшылықтың қауіпсіздігі халықаралық деңгейдегі өзекті мәселе болып отыр. Онымен тиімді күресу үшін қылмысқа қарсы шараларды бірлесе жасау керек. «Қазіргі уақытта қылмыстың интернационалды болуына орай, онда ұлттық сипат болмайды», дейді Е.Тұрғұмбаев.
Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Жоғарғы сотының, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Конституциялық Кеңесінің жауапты өкілдері мен Алматы қалалық ІІБ департаментінің басшылығы қатысты.