Қазіргі заман әдебиетінен 69 кітап қазақ тіліне аударылады

15 қарашада www.100kitap.kz сайтында қазақ тіліне аударуға ұсынылған қазіргі заманғы әдебиеттің өзекті шығармаларын анықтау бойынша онлайн дауыс беру аяқталды. 19 қарашада байқаудың арнайы кеңесі бұдан әрі аударылатын 100 кітаптың ақырғы тізімін бекітті. Рейтинг бойынша - «Властелин колец», «Зеленая миля», «Над пропастью во ржи» кітаптары көш бастап тұр, деп хабарлады astana kz.
«Байқауда іріктеуге ұсынылған тізімге қазіргі заманғы әдебиеттің 492 шығармасы енгізілді. Бұл кітаптар жай алынған жоқ. Біз соңғы 60 жылда, яғни 1950 жылдан бері әдебиеттен Нобель, Букеров және т.б. сыйлықтары сияқты беделді марапаттарды иеленген кітаптарды бастапқы тізімге енгізіп, оны арнайы ресурста орналастырдық. 15 қарашада байқаудың бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде 8 санат бойынша 100 кітаптың алдын ала тізімі жасалды. Ал екінші кезеңде мәдениет, өнер, әдебиет өкілдерінен арнайы эксперттік кеңес құрылды. Тізім сарапшылардың қарауына жіберілді. 69 кітап мақұлданды, 3 кітап алынып тасталса, қалған 28-і үлкен пікірталас тудырды», - деді «С.А.Р. талдау және болжау орталығы» ҚҚ төрағасы Олег Сек.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауында қазіргі заманғы тілде кем дегенде, жүз кітаптың тізімін жасауды және оларды қазіргі заманға сай қазақ тіліне аудару туралы жаңашыл идеяны ұсынған болатын. Бұл қалың оқырман ортасында қазақ тілін айтарлықтай дәрежеге байытуға және әйгілеуге мүмкіндік береді.