«Қазкоммерцбанк» АҚ-ы үздік студенттерге арнайы сертификат тапсырды

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің үш студенті «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының стипендиаттары атанды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш факультеттің оқу үздіктері, қоғамдық жұмыстар белсенділері, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықылас танытып отырған Алина Сугаипова, Шырын Мусина, Анара Сайтыбаева «Құс жолы» қайырымдылық қоры бойынша тағайындалған «Қазком стипендиясы» бағдарламасына сәйкес атаулы стипендия иегерлері атанып отыр. Ендігі күні олар он айы бойы 18 мың теңге шәкіртақы алады. Бүгінде еліміз бойынша 15 мемлекеттік жоғары оқу орны осы бастамаға үн қосқан. Қазіргі кезде сол оқу орындарының елу студенті қосымша шәкіртақы иесі атанған.

Соңғы жаңалықтар