Қазкоммерцбанк «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты мерзімінен бұрын игермек

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанқұлы/ -Қазкоммерцбанк «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты мерзімінен бұрын игермек. Аталмыш банктің басқарма төрайымы Нина Жүсіпова бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен аптада бейсенбі күні таңертең біз «Самұрық-Қазына» Ұлтық әл-ауқат қорынан 2 рет ауқымды қаржы алдық. Оның біріншісі - «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға 16 миллиард теңге бөлінді. Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бағдарлама бойынша бұл біздің үшінші траншымыз. 2007 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған осы бағдарламаға орай біз бұған дейінгі екі траншта 2 миллиард 700 миллион теңге алып, оны толық игерген болатынбыз. Үшінші транш маусым айына дейін игерілуге тиіс. Біздің пайымдауымызша, оны мерзімінен бұрын әлдеқайда жылдам игеріп шығамыз», - дейді Қазкоммерцбанктің басқарма төрайымы Н. Жүсіпова. Оның айтуынша, банк есепшотына келіп түскен екінші сома - ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша бөлінген 24 миллиард теңге. Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» тарапынан жаңа ипотекаларды қаржыландыру үшін тағы бір бағдарлама жасалып жатыр. Банк оған қатысу үшін де арнайы келісімге қол қойған. Ол тұрғын үй құрылысы мен жаңа ипотекалық заемдарды ұсынуға арналып отыр.
Соңғы жаңалықтар