18:11, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Қазкоммерцбанк «Грантум» жинақтаушы зейнетақы қорының жаңадан шығарылған жай акцияларын сатып алды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Директорлар кеңесінің шешімімен Қазкоммерцбанк «Грантум» жинақтаушы зейнетақы қорының 1 миллион 760 мың 260 дана акциясын 1 миллиард 760 миллион 260 мың теңге сатып алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпанның 11-і күні «Грантум» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткен еді. Онда қаржылық орнықтылықты арттыру мақсатында 2,2 миллион дана қосымша шығарылым арқылы жай акциялар санын ұлғайту туралы шешім шығарылды. Ал наурыздың 2-сінде қордың Директорлар кеңесі орналастырылатын әр акцияның құны 1 мың теңге деп бағалады. Соның нәтижесінде қордың жарғылық капиталы 3,2 миллиард теңгеге ұлғайтылмақ. Осыған орай банк өзінің сатып алу құқы басымдығын толық көлемде жүзеге асырып отыр.