Қазкоммерцбанк Кореяның экспорттық-импорттық банкімен келсім жасады

АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазкоммерцбанк пен Кореяның экспорттық-импорттық банкімен Оңтүстік Кореядан тауар мен қызметтерді импорттауды қаржыландыру туралы екіжақты келісімге қол қойды.
None
None

30 миллион доллар көлеміндегі бұл қаржыны Кореяның экспорттық-импорттық банкі жаңартылмалы несие желісі бойынша 2 жылға бермек.

Қазкоммерцбанктің Басқарушы директоры Сергей Мокроусовтың айтуынша, олар Кореяның экспорттық-импорттық банкімен ынтымақтастығы бұрыннан келе жатыр. Бұл олар қол қойған алғашқы келісімшарт емес.

Жалпы Кореяның экспорттық-импорттық банкінің негізі 1976 жылы қаланған болатын. Ол экспортты несиелендіру, жобалық және сауданы қаржыландыру салаларында кең ауқымдағы өнімдер ұсынады. Мамандандырылған бұл қаржы мекемесінің мақсаты - ұлттық экономиканы дамыту мен экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ету.

Соңғы жаңалықтар