Қазкоммерцбанк мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несиелендіруді қайта қаржыландыруды жаңғыртады

АЛМАТЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазкоммерцбанк маусымның 1-інен бастап мемлекеттік бағдарлама бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры есебінен ипотекалық несиелеуді қайта қаржыландыруды жаңғыртады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келісім бойынша, банк клиенттерден өтініштер қабылдап, пайыздық мөлшерлемені бұған дейін қайта қаржыландырылған несиелерді өтеуден түскен қаржының есебінен төмендетеді. Бұдан бөлек, банк өз есебінен "Қуат" корпорациясының үлескерлері болып табылатын банктің ипотекалық несие заемшыларын қайта қаржыландыру туралы өз бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады. Заемшылардан өтініш қабылдау банктің барлық бөлімшелерінде маусымның 1-і күні басталады. Қазіргі таңда Қазкоммерцбанк арқылы жүзеге асырылған мемлекеттік қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша 6 мыңдай клиент өздерінің ай сайынғы төлемдерін азайтуға қол жеткізді. Тағы 306 клиент банктің жеке бағдарламасы аясында өздерінің ипотекалық несиелерін арзандата алды.

Соңғы жаңалықтар