Қазкоммерцбанк «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-дағы және зейнетақы активтерімен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын «Жетісу» мекемесі» АҚ?дағы өз үлесін сатты

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазкоммерцбанк» АҚ «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның және зейнетақы активтерімен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын «Жетісу» мекемесі» АҚ-ның акционерлер құрамынан шықты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ еліміздегі ең ірі зейнетақы қорларының бірі. Қор акционерлерінің бірі ретінде Қазкоммерцбанк салымшылардың мүддесін қорғау мақсатында орынды инвестициялық саясатты жүзеге асыруға ұмтылды. Мәселен, өткен жылы «ҰларҮміт» қорының дамуына қомақты инвестиция мөлшерін құйып, қор жұмысын капиталдандыру және оңтайландыру мақсатында қосымша шаралар қолданды. Алайда қордың және «Жетісу» ЗАИБЖАМ» АҚ-ның акцияларын бақылау пакеті банкке тиесілі болмағандықтан, банктің қор және компания қабылдаған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі болған жоқ. Жыл қорытындысы бойынша қордың таза зияны 4,80 миллиард теңгені, ал компанияның таза зияны 2,68 миллиард теңгені құрады. Сондықтан «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-дағы және зейнетақы активтерімен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын «Жетісу» мекемесі» АҚ?дағы өз үлесін сатып отыр. Банк мұндай қадамға Қор және Компанияның инвестициялық саясаты үшін жауапкершілікті алып жүре алмайтындықтан барды. Онда қордың 49,35 пайыз, ал компанияның 50 пайыздық акциясы болған еді. Енді Қазкоммерцбанк «Грантум» ЖЗҚ» АҚ мен «ООИУПА «Grantum Asset Management» АҚ жұмысының жақсаруы мен дамуына бар күшін салмақ. Себебі бұл мекемелердің акцияларының бақылау пакеті банкке тиесілі. Жалпы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы қазіргі таңда Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі саналады. Банк тобына «Грантум» жинақтаушы зейнетақы қоры мен зейнетақы активтерін басқаратын «Grantum Asset Management» компаниясымен қатар, «Москоммерцбанк» (Ресей), «Қазкоммерцбанк-Қырғызстан», «Қазкоммерцбанк-Тәжікстан» еншілес компаниялар, сондай- ақ сақтандыру компаниялары - «Қазкоммерц Полис», «Қазкоммерц Life» және «Kazkommerts Securities» брокерлік компаниясы кіреді.
Соңғы жаңалықтар