Қазкоммерцбанктің Homebank.kz интернет-банкинг жүйесіне 10 жыл толды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда «Қазкоммерцбанк» АҚ басшылары физикалық тұлғаларға арналған Homebank.kz интернет-банкинг жүйесінің 10 жылдығына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазкоммерцбанк 2000 жылы өз тұтынушыларына қазақстандық банктер ішінде алғашқы болып Homebank.kz интернет-банкинг жүйесін іске қосты. Оның қызметі бойынша тұтынушылар жұмыс орнында отырып-ақ интернет арқылы кез келген операциларды оңай әрі жылдам жүзеге асыра алады. Сонымен бірге, Homebank.kz «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ, «Қазпошта» АҚ және «Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ-нің төлем карта иеленушілеріне де қызмет көрсетеді.

«Бүгінде біздің карта ұстаушыларымыздың 27 % ҚАЗКОМ-ның интернет-банкинг жүйесіне тіркелген. Ең бастысы Homebank бұл өз мамандарымыздың жасаған жүйесі. Біздер оның еліміздегі интернет мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып отырғанын мақтан тұтамыз», деді «Қазкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров.

Қазірге дейін Homebank.kz-ке тіркелушілердің саны 272 мыңнан асып түскен. Сонымен бірге, жүйеге ай сайын 5 мың жаңа қолданушы тіркелуде. Ал порталға кірушілер саны айына 700 мыңды құрайды. Осы жетістіктерімен Homebank.kz Қазақстандағы қашықтықтан банк қызметін көрсетуде көшбасшыға айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар