Қазкоммерцбанктің таза табысы 9 айда 14 пайызға ұлғайды

АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Казкоммерцбанк қаржы ұйымдарының халықаралық стандартына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есепке негізделіп жасалған өзінің 9 айдағы қызметінің қорытындысын жариялады.
None
None

Банктің таза табысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға немесе 15,7-ден 17,9 миллиард теңгеге дейін ұлғайған. Түзетілген таза пайыздық маржа 3,3 пайыз болды «Операциялық кірістен прозизия аударуға дейінгі операциялық шығын» көрсеткіші 26,4 пайызды құрады. Былтыр ол 22,4 пайыз болған еді. Жыл басынан бері бөлшек депозит көлемі 19 пайызға ұлғайып отыр. 3-тоқсанда брутто заемдар 1,1 пайызға өсті. 1-деңгейлі капиталдың баламалық коэффициенті 17,5 пайызға, банктің жеке капиталының баламалық коэффициенті 22 пайызға дейін өсті. Былтырғы жылдың аяғында ол 16,2 және 20,1 пайызды құраған болатын. Клиенттердің қарыздары бойынша сақтық қоры мөлшерлемесі 22,7 пайызға өсті. Ал жұмыс істемейтін заемдар жалпы заем көлемінің 27,3 пайызын құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар