Қазкоммеррцбанк ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасын аяқтады

Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасы 23 ақпанда аяқталған болатын.
«Ипотекалық заемды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы қиын жағдайда қалған біздің көптеген клиенттерімізге айтарлықтай көмек көрсетті. Қарызды арзандату мен несиелеуді кеңейтудің барлық үдерісін жасау үшін «Самұрық-Қазына» қорымен үлкен жұмыс жасадық», - дейді Казкоммерцбанктің басқарушы директоры Андрей Тимченко.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның бұл бағдарламасында мемлекеттік қызметкерлердің ипотекасын 9 пайызға, ал өзгелердікін 11 пайызға дейін қысқарту көзделген болатын. Бұл желі бойынша Үкіметтен бөлінген 24 миллиард теңге Қазкомда толық игерілді. Атап айтқанда 2009 жылы ішінде 1491 әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлері бар 5922 қарыз алушының пайыздық мөлшерлемесі азайтылды. 2010-2012 жылдары банк тағы 7,4 миллиард теңгенің 1571 ипотекалық несиесін арзандатты.