ҚазКСР жергілікті өнеркәсіп экс-министрі, кенші-ғалым Ибрагим Еділбаев дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше 83 жасында кенші-ғалым, техника ғылымдарының докторы, пайдалы қазбаларды жерасты және ашық әдістермен қазып алу саласындағы үлкен маман, «Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасының бас кеңесшісі Ибрагим Баймұратұлы Еділбаев дүниеден озды, деп хабарлайды топтың баспасөз қызметінен.
None
None

Ибрагим Баймұратұлы әр жылдары «Текелі» және «Көк-Су» кеніштерінде жұмыс істеген, Текелі қорғасын және мырыш комбинатының директоры, ҚазКСР-ның түсті металлургия министрінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы ОК ауыр өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі, ҚазКСР-ның жергілікті өнеркәсіп министрі, «Казместпром» мемлекеттік концернінің президенті, «Казхром» ТҰК президентінің кеңесшісі, «ССКӨБ» АҚ президенті, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығының вице-президенті мен Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының вице-президенті болып қызмет атқарған. Ол еліміздің темір кені, хром, марганец, алюминий және көмір өндіретін кәсіпорындарының қалпына келтірілуі мен ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосқан.

И.Б.Еділбаев 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, олардың ішінде 3 монография, 43 өнертабыс пен патент бар, 2 пайдалы қазба орындарының тұңғыш ашушысы. Жоғарғы Кеңестің X және XI шақырылымдарының депутаты болып сайланған. Қазақстан Компартиясының XVI және XVII съездтерінде Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі болып сайланған.

И.Б.Еділбаев «Барыс» III дәрежелі, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендарымен, бес медальмен, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Кенші даңқы» I, II және ІІІ дәрежелі белгілермен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «КСРО құрметті Кеншісі» атағымен, II Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі аясында (2011 ж.) Алтын гефесттің «Жыл адамы» жүлдесінің жеңімпазы. Ғылыми қоғамдастық оны Халықаралық минералдық ресурстар академиясының мүшесі етіп сайлады. Ол Қазақстан Республикасының минералдық ресурстар академиясының президиумының мүшесі болды.

2006 жылы, И.Б. Еділбаев (Вашингтон қ.) «Кәсіби әлемде кім кім екен» клубының қазақстандықтардан бірінші мүшесі атанып, халықаралық танымалдыққа ие болды, «Д.А.Қонаев атындағы тау-кен институтының құрметті ғылыми қызметкері» атағымен марапатталды.

«Біз Ибрагим Баймұратұлының отбасы мен туғандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Ибрагим Баймұратұлымен қоштасу сейсенбі 2015 жылғы 28 шілдеде сағат 10.00-де Алматы қаласы Құрманғазы көшесі, 29 Қазақстан Ғылым академиясының ғалымдары үйі мекенжайы бойынша өтеді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар