«KAZLOGISTICS» көліктік-логистикалық қауымдастығы құрылды

онда ұйымның жарғысы мен құрылтайшылық келісімшарты бекітілді, Төралқа төрағасы сайланды. Сонымен қатар, Қауымдастықты құруға байланысты өзге де құқықтық мәселелер шешімін тапты, деп хабарлады «Көліктік логистиканы дамытудың ұлттық орталығы» АҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімінен.
І «Жібек жолы-2011» халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы барысында, қазақстандық вагон/контейнерлер тасымалдаушылары мен операторлары қауымдастығы және ҚР халықаралық автомобильдік тасымалдаушылар одағымен, «KAZLOGISTICS» көліктік-логистикалық қауымдастығын құру ниеті жайлы меморандумдарға қол қойылғаны белгілі.
«KAZLOGISTICS» қауымдастығы Мемлекет басшысының Қазақстанды 2016 жылға қарай өңірдің сауда, логистика және іскерлік хабы ретінде қалыптастыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында дүниеге келді. Қауымдастық көліктің сан алуан түріне (теңіз, құрлық, ауа) жататын субъектілер мүдделерінің тең дәрежеден ауытқымауын қамтамасыз етіп, мультимодельді көліктік-логистикалық қызметтердің сапасын арттыруға септігін тигізбек.
Қауымдастық құрылтайшылары ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, ҚР ұлттық экспедиторлар қауымдастығы, қазақстандық вагон/контейнерлер тасымалдаушылары мен операторлары қауымдастығы, ҚР халықаралық автомобильдік тасымалдаушылар одағы және «Көліктік логистиканы дамытудың ұлттық орталығы» АҚ танылуда.
Бүгінгі күні Қазақстанның ірі компаниялары Қауымдастық жұмысына қатысатынын растады. Оның ішінде «ТРАНКО» ЖШС, «НМСК» АҚ, «Қазтеңізтрансфлот» компаниясы, «Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы» ЗТБ, «Asstra Almaty» ЖШС, «МА «Астана» АҚ, «Транссистема» ЖШС, «МА «Ақтөбе» АҚ және де 19-ға жуық әр түрлі көліктік компаниялар мен қауымдастықтар бар.