«ҚазМұнайГаз» 2010 жылы Атырау облысынан 223 млрд. теңге көлеміндегі өнімдер мен қызметтер сатып алған

АТЫРАУ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 2010 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» компаниясы қазақстандық қамтуды өзінің жалпы сатып алу жолдары арқылы 51 пайызға дейін жеткізді.
None
None

Бүгін Атырау облысында жүрген «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин хабарлап өткендей, былтырғы жылы мұнайшылар 1 трлн. 592,2 млрд. теңге көлеміндегі тауар мен қызметтерді сатып алды. Осылайша сатып алудағы қазақстандық үлес 811 млрд. теңгені құрап, 51 пайызға жетті.

«Біз атыраулық өнім жеткізушілер және қызмет көрсетушілермен өте жақсы жұмыс атқардық. Өңірдегі әртүрлі кәсіпорындармен 223 млрд. теңгенің келісімшарты жасалды, бұл біздің жалпы сатып алған өнімдеріміздің 13 пайызын құрайды», - деп хабарлады Қ.Қабылдин.

Соңғы жаңалықтар