«ҚазМұнайГаз» Болгарияда Rompetrol желісін кеңейтуде

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үстіміздегі жылдың соңына дейін The Rompetrol Group (100 пайыз еншілес компаниясы) құрамына кіретін Rompetrol Bulgaria компаниясының желісін 62 жанармай құю стансасына дейін арттырып,
None
None

София мен Добриче қалаларында 2 жаңа станса ашатынын хабарлайды.

«Жұмыстың алғашқы жылдары көтерме сауданы дамытуға басты назар аударылды және біраз уақыттың ішінде біз нарықтың 9 пайызын қамтып үлгердік. Ал соңғы екі жыл ішінде күшімізді жанармай құятын орындар желісін құруға және Rompetrol орны мен бизнесін Болгария нарығында шоғырландыруға салдық. Бұл біздің мақтанышымыз және тұтынушыларға Efix, Alto брендінің сапалы жанармайын, Hei дүкендерінде сапалы қызметтер мен тауарларды, Fill&Go карточкаларын, сондай-ақ көптеген төлем құралдарын ұсынып, өз мақсатымызға жеткенімізді сеніммен айта аламыз», - дейді Rompetrol Bulgaria компаниясының бас директоры Сорин Никита.

Биыл Rompetrol Bulgaria София, Верна (Қара теңіз жағалауында, Румыниямен шекарадан 85 шақырым), Левуново (Софиядан 170 шақырым және Грециямен шекарадан 20 шақырым) және Видин (Сербиямен шекарадан 60 шақырым) қалаларында 5 жаңа жанармай құю стансасын ашты.

The Rompetrol Group «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2007 жылы сатып алған сәттен қазіргі уақытқа дейін Болгарияға 32 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Осы уақыт ішінде «ҚМГ» ҰК Болгария нарығында жанармай құю стансалар санын 2 есеге көбейтті.

Соңғы жаңалықтар