«ҚазМұнайГаз» Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құнын айқындайтын құжатқа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытайдың «CITIC Construction Co., Ltd» компаниясы арасында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу бойынша ынтымақтастықтың базалық қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Қарашығанақ консорциумымен бірге газ өңдеу зауытын салмайтын болды
Фото: psa.kz

— Құжат Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобасын іске асыру негіздерін, оның ішінде құнын бағалау, жабдықтар жиынтығын және ынтымақтастық бағыттарын айқындайды. Сонымен қатар тараптар жобалық құжаттаманы (FEED) әзірлеуге көшу, тиімді техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді іздеу үшін ары қарай бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты, — деп жазады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Жазда Энергетика министрлігі Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу жобасының инвестициялық келешегіне қатысты шешім 2025 жылдың қазан-қарашасында түпкілікті қабылданатынын мәлімдеген болатын. Қазан айында министр Ерлан Ақкенженов Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салуға кемінде 2,5 млрд доллар керек екенін айтты.

Ал «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов ресейлік «Газпромның» Орынбордағы зауыты Қарашығанақ газын 2050 жылға дейін өңдейтінін мәлім еткен еді. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум