ҚазМұнайГаз Маңғыстаудағы ереуілге қатысты түсініктеме берді

АҚТАУ. KAZINFORM – Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Маңғыстау облысындағы «Мұнайспецснаб компания» ЖШС қызметкерлерінің ереуілі аяқталған. Жұмыс беруші мен еңбек ұжымы келіспеушілікті шешті.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы Маңғыстаудағы ереуілге қатысты түсініктеме берді
Фото: видеодан алынған скрин

- 2025 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша «Мұнайспецснабкомпани» мекемесіндегі жағдай реттелді. Кәсіпорынның жұмысы толық қалпына келтірілді. Еңбек ұжымы өз жұмыс орындарына оралды, - делінген хабарламада.

Ұлттық компанияның мәліметіне сүйенсек, талаптар тікелей «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС басшылығына жолданған. Компания басшылығы мен қызметкерлер арасындағы келіссөздер нәтижесінде, келіспеушіліктерді шешу туралы келісімге келген.

Айта кетейік, «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-не көлік қызметін көрсетеді.

Бұған дейін Ақтауда тұрғын үй жертөлесінде жарылыс болып, 5 адам зардап шеккен болатын.

Бүгін Ақтаудағы жарылысқа қатысты болжам айтылды.

Соңғы жаңалықтар