«ҚазМұнайгаз» компаниясының бюджеті қысқарып, жаңа мамандарды жұмысқа алу уақытша тоқтатылды - А. Рау

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайгаз» компаниясының бюджеті қысқарып, жаңа мамандарды жұмысқа алу уақытша тоқтатылды.
None
None

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі А.Рау «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауы кезінде айтты, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Неміс мұнай және газ мемлекеттік университетінің түлегі Дамир Сүтбеков мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мәселесімен келген болатын.

«Мұнай бағасының құлауына байланысты «ҚазМұнайГаздың» табысы а.ж. бірінші жарты жылдығында 30 есе кеміді. Сәйкесінше, компания бюджеті де қысқарып, жаңа мамандарды жұмысқа алу уақытша тоқтатылды. Сіздің өтінішіңіз «ҚазМұнайГазға» қарауға жіберіледі», - деп жауап берді Альберт Рау.

Соңғы жаңалықтар