«ҚазМұнайГаз» мұнай бағасының құлдырауына байланысты бюджетін қайта қарауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ мұнай бағасының түсуіне байланысты бюджетін қайта қарап жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев айтты.
None
None

«Таңғажайыптар болмайды. Мұнай бағасының құлдырауымен компанияның бюджеті де қысқаратыны түсінікті. «ҚазМұнайГаз» туралы айтар болсақ, біз мұнай бағасын 80 долларға бағалап, бюджетімізді жоспарлаған едік. Ол жоспарды «Самұрық-Қазына» мақұлдаған болатын. Енді біз бюджетімізді одан да төмен, мәселен 50 долар деген бағамен қайта қарап жатырмыз», - деді ол.

С. Мыңбаевтың айтуынша, компания сонымен қатар өзінің инвестициялық бағдарламаларын да түзетуде.

«Дегенмен, инвестициялық бағдарламаларды қысқарту таңдап алу принципі бойынша жүргізіледі. Бір бағдарламалар көбірек, енді бірі азырақ қысқаруы мүмкін. Мәселен, мұнай өндірудің қазіргі көлемдерін реттейтін бағдарламалар неғұрлым аз қысқартуға ұшырайды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар